Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Пәкістанға барды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Пәкістанға барды. Бұл оның президент Барак Обама билікке келгелі бері Пәкістанға жасап отырған алғашқы сапары. Гейтстың айтуынша, Пәкістан ресмилерімен арадағы келіссөздер барысында АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясы түсіндірілмек.

Пәкістанның "The News" газетіне берген сұхбатында Гейтс Пәкістан мен Ауғанстандағы Талибан бүлікшілерінің арасында айырмашылық жасау теріс нәтиже береді деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Пәкістан-Ауғанстан шекарасындағы талибандардың паналайтын жерін жою керек, әйтпесе екі ел де бұдан да көбірек шабуылдарға тап болуы мүмкін.

Исламабад пәкістандық Талибан бөлімдеріне қарсы кең ауқымды операциясын бастаған болатын бірақ шекарадағы ауғандық талибандарға шабуылдаудан бас тартып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG