Accessibility links

Дүниежүзілік банк: Ғаламдық дағдарыс аяқталуда


Дүниежүзілік банктің мәліметінше, ғаламдық экономика рецессиядан шығуда, 2010 жылы дамып жатқан елдерде экономикалық өсім 5.2 пайыз болмақ. Бұл көрсеткіш 2.2 пайыз даму болады деген ғаламдық болжамнан көп дейді Дүниежүзілік банк.

Алайда бұл банктің "Ғаламдық экономика болашағы 2010" деп аталатын баяндамасында экономикалық жағдайдың 2011 жыл мен одан кейінгі уақытта қандай болатындығы белгісіз делінген. Бұл баяндаманың жетекші авторы Эндрю Бурнстің айтуынша, үкіметтер үшін ең басты проблема - экономикалық жағдайдың жақсаруына теріс әсер етпеу мақсатында ынталандыру бағдарламаларын уақытылы тоқтату боп табылады. Бурнс сондай-ақ ғаламдық дағдарыстан қатты зардап шеккен Еуропа мен Орталық Азия елдері алдағы 10 жылда тағы да дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG