Accessibility links

АҚШ Черногорияның НАТО-ға мүше болу әрекетін қолдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Черногорияның НАТО-ға мүше болу әрекеттерін қолдап отыр. Сәрсенбі күні Вашингтондағы Мемлекеттік департаментінде болған Черногория премьер-министрі Мило Джукановичтің алдында сөйлеген сөзінде Клинтон Вашингтон Черногорияның Еуро-атлантикалық қауымдастыққа қосылу әрекеттерін қолдайды деп мәлімдеп, АҚШ бұрынғы Югославия республикасының реформалар жасауына көмектесуге әзір деп атап көрсетті.

Клинтон сондай-ақ Ауғанстанға әскерилерін жіберген Черногорияға өз алғысын білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG