Accessibility links

Газпром: Әзірбайжаннан импортталатын газ көлемі көбеймек


Ресейдің "Газпром" компаниясы Әзірбайжаннан импортталатын газ көлемі келесі жылы екі есеге көбейіп, 2 миллиард текше метрге жетеді деп мәлімдеді. Бұл келісім ЕуроОдақ қолдап отырған Набукко газ құбыры жобасына Әзірбайжанның үлес қосуына әсер етуі мүмкін.

2014 жылдан бастап Набукко құбыры арқылы көгілдір отын Каспий теңізінен Түркия арқылы Еуропаға тасымалданады деп жоспарлануда. Осы арқылы Еуропаның Ресей газына деген тәуелділігі азаяды деп күтілуде.

Мұнай мен газға бай Әзірбайжан жылына 23.6 миллиард текше метр табиғи газ шығарады.
XS
SM
MD
LG