Accessibility links

Клинтон бірыңғай интернетке шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон барлық азаматтардың білімге деген қол жеткізе алатындай бірыңғай интернетке шақырды. Бұл туралы Клинтон бейсенбі күні интернет бостандығын қорғау туралы АҚШ стратегиясына қатысты жасаған мәлімдемесінде айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытай мен Өзбекстанды және Тунисті интернетке цензура енгізіп отырғанына байланысты сынады.

Таяуда интернет-қызметінің ірі провайдері Google компаниясы Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін жариялаған болатын. Компания өзінің мұндай қадамын Қытайдағы адам құқығын қорғаушылардың электрондық поштасын бұзу әрекетімен байланыстырады. Бейжің бұл компьютерлік шабуылдарға қатысы жоқ екендігін мәлімдеп, бірақ шетелдік интернет компанияларынан "заңға бағынуды" талап етті.

Қытай билігі Бейжің саясатына қарсы келеді делінген вебсайттарға жиі тосқауыл қояды. АҚШ мемлекеттік департаменті Қытайдан Google компаниясына қатысты цензураға түсініктеме беруін сұраған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG