Accessibility links

Пәкістанда тәлібтерге қарсы шабуыл уақытша тоқтатылды


Пәкістан әскері елдің солтүстік-батыс аймағында шоғырланған содырларға қарсы шабуылдарын жарты жылға тоқтатты.

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің Пәкістанға сапары кезінде генерал Атар Аббас әскер өз бақылауына өткен аймақтарға орнығып алуы тиіс деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әскердің толық орнығуына алты ай уақыт керек болады.

Гейтс Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари және қолбасшылармен кездесуі кезінде тәлібтерге қарсы операцияларды «сәтті» деп бағалады.

АҚШ әкімшілігі Исламабадтың өз аумағындағы содырларға қарсы әрекеттеріне байланысты жылы лебіз білдіру арқылы соңғы айларда Пәкістанға қатысты мәлімдемелерін жұмсартты.
XS
SM
MD
LG