Accessibility links

Обама қаржы секторын реттеу жоспарымен таныстырды


АҚШ президенті Барак Обама банк жағдайына қарай оның сауда операцияларының көлемін шектеуді қарастыратын жоспар ұсынды. Бұл іс-шара қаржы секторындағы тәуекелшіл операциялардың көлемін азайту мақсатын көздейді.

Мұндай операциялардың көбейіп кетуі 2008 жылы дағдарысқа әкеп соқтырған еді. Сол кезде АҚШ үкіметі тақыр алдында тұрған ірі банктерді қаржыландырудан бас тартуға мәжбүр болды.

Обама қаржы секторын барынша реттке салуды мақсат тұтатындығын атап көрсетті. АҚШ президентінің айтуынша, қазір көп жерлерде «дағдарысқа дейінгі» ережелер бойынша жұмыс істелініп жатыр.
XS
SM
MD
LG