Accessibility links

«Стан.kz»: Шүлембаевтың өлімін тыңшылық үшін пайдаланды


Журналист Саят Шүлембаевтың өліміне қатысты іс бойынша тергеушілерміз деп таныстырған екі кісі «Стан.kz» редакциясында тыңшылық әрекет жасады деп мәлімдеді бейнепортал директоры.

Бауыржан Мүсіровтың айтуынша, 18 қаңтарда өздерін полициядан келдік деп таныстырған екі кісі редакция кеңсесінде шамамен екі сағаттай болған. Олар ұжымнан түсініктемелер жинап, жұмысты ұйымдастыру, мәліметтерді жеткізу, мұрағаттарды сақтау жұмыстары туралы, сондай-ақ Шүлембаевтың өліміне ешқандай қатысы жоқ басқа да сауалдар қойған.

Тексеруден кейін «Стан.kz» Алматы полициясына хабарласқанда, ондағылар редакцияға ешқандай маман жібермегендіктерін хабарлады.

Ақпараттық бейнепортал тілшісі Шүлембаевтың өлі денесі 26 желтоқсан күні Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде табылды. Алматы полициясы кісі өлімі мәліметі бойынша қылмыстық іс қозғады. ІІМ-нің өкілі Шүлембаевтың өлімі оның кәсіби қызметіне қатысты емес деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG