Accessibility links

Пентагон басшысы Пәкістанға сапарын аяқтайды


Пәкістан-ауған шекаралас ауданындағы экстремистермен күресуге Пәкістанмен қатар АҚШ та мүдделі. Бұл туралы АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс Исаламабадтағы ұлттық қорғаныс университетінде мәлімдеді.

Сонымен бірге Гейтс Вашингтонның 1990-шы жылдары Пәкістанмен әскери әріптестіктен бас тартуы стратегиялық қател болды деп мәлімдеді. Сондай-ақ, пентагон басшысы АҚШ Пәкістанда әскери база салуды, оның ядролық қаруын бақылауға алуды көздемейді деп атап көрсетті.

Роберт Гейтс бүгін Пәкістандағы екі күндік сапарын аяқтайды. Пентагон басшысы бұл елге екі жақты байланысты нығайту және Ауғанстандағы американдық стратегияның мән-жайын түсіндіру үшін барған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG