Accessibility links

АҚШ Гуантанамодағы екі тұтқынды үйіне жіберді


АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Кубадағы Гуантанамо түрмесінде отырған Алжирдің екі азаматы - Хасан Земири мен Әдил Хади әл-Жазаири Бин Хамлили үйлеріне жіберілді. Енді лаңкестікте айыпталғандарға арналған Гуантанамо абақтысында 196 тұтқын қалды. АҚШ президенті Барак Обама бұл даулы түрмені жабуға уәде еткен болатын.

Республикашыл заңшығарушылар Гуантанамодағы тұтқындардың үйлеріне жіберілуіне байланысты Обаманы сынға алып отыр себебі бұрынғы тұтқындардың кейбірі қақтығыс алаңына оралуда деген алаңдаушылықтар бар.
XS
SM
MD
LG