Accessibility links

Армения: Түркиямен арадағы бітімге қауіп төнуде


Армения сыртқы істер министрі Түркиямен арадағы дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі тарихи әрекеттер сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деп ескертті. Эдуард Налбандиян Анкараны бұл үдеріске кедергі жасауда деп айыптады.

Армения мен Түркия маңызды келісімге байланысты бір-біріне бірқатар шарттар қоя бастады деген айыптауларға қатысты екі жақ жаңа проблемаларға тап болып отыр. Қазан айында Анкара мен Ереван бір ғасырға жалғасқан дұшпандыққа нүкте қою мақсатында екі хаттамаға қол қойған болатын. Бұл құжаттар заңды күшіне енуі үшін оларды екі ел парламенті бекітуі тиіс.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG