Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Косово мәселесін талқыламақ


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Косово мәселесін талқылайды. Кездесуде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунның Косовоға қатысты баяндамасы қаралады. Бұл баяндамада Косоводағы бейбітшілікке қауіп төнуі мүмкін делінген.

Жиынға Сербия президенті Борис Тадич пен Косово сыртқы істер министрі Скендер Хисени де қатысады деп күтілуде. Тадич сондай-ақ қызметінен кетейін деп жатқан Хорватия президентінің осы аптада жасаған мәлімдемесін сөз етпек. Хорватия басшысы Степан Месич Боснияның Сербиялық республикасының референдумы барысында егер мен билікте болсам, Босниямен арадағы шекараға әскерилерді жіберер едім деп мәлімдеген болатын. Борис Тадич Месичті "соғыс өртін тұтандырушы" деп айыптады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG