Accessibility links

Лавров: Польшадағы зымыран мәселесі түсініксіз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Польшаның Калининградпен арадағы шекараның жанына АҚШ зымырандары батареясын орналастыру жоспарын түсінбейтіндігін мәлімдеді.

"Бұл батареялардың неліктен дәл сол жерге орналастырылатындығына себеп бар шығар. Бұл туралы менде толық мәлімет жоқ бірақ егер хабарлар рас болса, біз олардан неге Польша Ресейге қарсы күшейтілуде деген әсер қалдыратындай әрекетке барады деген сұрақ туады. Бұл маған түсініксіз. Ал қалған мәселелерге байланысты, мен тағы қайталап айтайын, біз әрине түсініктеме берілуін күтеміз, сосын жағдайды талдаймыз", - деп атап көрсетті Лавров жұма күні өткізген баспасөз маслихатында.

АҚШ Польшада зымырандар орналастырып жатыр. Оның алдында Вашингтон Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартқан болатын.

Осы аптада Польша зымырандар Ресей шекарасынан шамамен 100 шақырым жерде орналастырылады деп хабарлаған-ды.
XS
SM
MD
LG