Accessibility links

Жәкішевтің жаңа адвокаты оның отбасымен байланысқысы жоқ


"Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке тағайындалған жаңа адвокат өзінің қорғау ісіне Жәкішевтің отбасын араластырғысы келмейді. Бұл туралы адвокат Болат Исатаев жұма күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "Жәмиланың маған қарсы әрекетінен кейін мен онымен сөйлеспеймін", - деді Исатаев.

Жәкішевтің жұбайы Жәмила күйеуіне Болат Исатаевтың аяқ астынан адвокат етіп тағайындалуына наразылық білдірген болатын. 19 қаңтардағы сот отырысынан кейін жаңа адвокат журналистердің көзінше Жәмила Жәкішеваның қолын бұрап, жеке куәлігін күшпен алмақшы болды.

"Қазатомпромның" бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев жемқорлықта айыпталып, өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG