Accessibility links

Қазақ полициясы АҚШ нұсқаушысын сұраққа алды


Алматыда тренинг өткізген американдық бизнес семинарының жетекшісі мен оның әріптесін бетін бүркемелеген қарулы полиция қызметкерлері ұстап, сұраққа алған. Жұма күні Денвер тұрғыны Бет Холлахан сәрсенбі күнгі бұл рейд туралы түсініктеме бере алмады. Холаханның айтуынша, Қазақстан полициясы оған және Портленд тұрғыны Деннис Беккерге адвокатпен байланысуларына рұқсат бермеген.

Беккердің адвокаты Назгүл Ерғалиеваның айтуынша, полиция жұма күні оның клиентінен жауап алған. АҚШ азаматына ешқандай айып тағылмаған бірақ белгісіз заңбұзушылықтарға байланысты тергеу ісі жүріп жатқандықтан оның төлқұжаты тәркіленген.

Аталмыш екі американдық азамат қазақ компаниясының өтінішімен менеджмент туралы тренинг өткізген болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG