Accessibility links

Гаитидегі зілзаладан кейін адамдарды іздеу шаралары тоқтады


Қуатты жерсілкінісінен зардап шеккен Гаити республикасында табиғат апаты орын алған 11 күннен кейін іздеу-құтқару шаралары тоқтатылды. БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, қираған үй астынан 132 адам шығарылған. 2 мыңдай құтқарушы топ Гаитидің оңтүстігінде болған табиғат апатынан аман қалғандарды іздеді.

Қазіргі таңда ел билігі мен қайырымдылық топтары барлық күш-жігерін зілзаладан зардап шеккендерге азық-түлік пен ауыз су, медициналық қажетті заттармен жеткізуге бағыттап отыр.

Жүз мыңдаған адам жерсілкінісі қиратып кеткен аймақтан басқа жерге көшіріліп жатыр. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, тек ел астанасы Порт-о-Пренс қаласын 130 мың адам тастап шықты.

Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, Гаитидегі зілзаладан қаза тапқандар саны кемінде 200 мың адамға жетіп отыр. Зардап шеккендер саны 3 млн-ға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG