Accessibility links

Иранда ұшақ қонар кезде өрт шығып, 46 адам жараланды


Иранның солтүстік-батысындағы Мешхед қаласында жерге қонып жатқан ұшақтан өрт шығып, 46 жолаушы жарақат алды. Бұл туралы ирандық ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Жерге қона бергенде ұшақтың артқы бөлігі өртене бастаған. Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз.

Бұл ұшақтың бортында барлығы 170 адам болған. Хабарларға қарағанда, ирандық Taban Air әуекомпаниясының ұшағы ішкі бағыттағы рейстермен ұшқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG