Accessibility links

Құқық қорғаушы топ Арабияның телеарналарды бақылау жоспарына алаңдауда


Журналистер құқын қорғайтын Шекарасыз репортерлер ұйымы Араб елдерінің спутниктік телеарналарды бақылайтын аймақтық кеңсе құру жоспарына алаңдаушылық танытты.

Бұл топтың тараптқан мәлімдемесінде, мұндай бақылауға алу ұсынысы аймақтағы үкіметті сынаған барлық телеарналарға қауіп төндіріп, ақпарат еркіндігін шектейтін болады делінген.

Аталмыш мәлімдеме жексенбі күні Мысыр астанасында Араб елдерінің ақпарат министрлері кездесіп, осы жоспарды талқылар алдында айтылып отыр.

Шекарасыз репортерлер ұйымы бұл ұсыныстың шығуына АҚШ Конгресі террористтік деп тапқан кез келген хабар таратылатын болса, спутниктік операторлар терроризмді қолдаушы ретінде танылуы мүмкін деген американ заңы себеп болып отыр дейді.
XS
SM
MD
LG