Accessibility links

Талибан жасақтары 6 адамды АҚШ-қа тыңшылық жасады деп өлтірген


Пәкістан ресмилері өздерінің Құрама Штаттарға тыңшылық жасады деп талибан жауынгерлері өлтірген алты адамның мәйітін тапқандарын айтты.

Оққа ұшқан бес кісінің денесі Солтүстік Вазиристанның тайпалы аймағындағы Камсароби елді мекеніндегі жол жағасына тасталған. Алтыншы адамның сүйегі оған жақын ауылдан табылды.

Жергілікті полиция ресмилері бұл алты адамның денесінен АҚШ-қа тыңшылық жасап, олардың зымыран соққысын беруіне көмектесті деп жазылған айыптауларды тапқан.

Бұл жер талибандар мен әл-Қаида жауынгерлері бекінген аймақ болып отыр.
XS
SM
MD
LG