Accessibility links

Миллиондаған мұсылман мінәжат ету үшін Бангладешке жиналды


Бүгін Бангладеш астанасы Дакаға кемінде 4 млн мұсылман қауымы жылдық қажылықтан кейінгі діни мерекеге жиналды.

Әлем мұсылмандарының үш күндік жиыны әрбір ашық жер мен шатырларға тола жиналып, бірнеше шақырымға дейін жалғасқан ғибадатшылардың қатысуымен үндістандық имамның "ақырғы мәніжат ету" шарасымен аяқталды. Бұл жиында мұсылмандар дұға оқып, діни жетекшілердің уағызын тыңдайды.

1960 жылдан бері Тураг өзенінің жағалауында жыл сайын өтетін бұл шараны "Таблиг Жамаат" саяси емес тобы ұйымдастырып келеді. Олар адамдарды күнделікті өмірлерінде ислам жолымен жүруге шақырады.
XS
SM
MD
LG