Accessibility links

Ақтөбелік зейнеткер ерекше мүмкіндігі бар қойшы таяғын ойлап тапқан


Ақтөбе қаласының тұрғыны Сұлтанбек Ташенұлы қой бағушылар үшін радиоқабылдағышы мен жарық бергіші бар аса таяқ ойлап тапқан.

Интерфакс агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, бұл электроникалық жабдық орнатылған қойшы таяғы қойды санап береді екен.

Тәшенұлының сөзіне қарағанда, аса таяқ арқылы отардағы барлық қой басын санап шығуға болады. Бұл ақтөбелік зейнеткердің ойлап тапқан бірінші жаңалығы емес.

Ол өткен жылы өзі ойлап шығарған намаз оқитын мұсылмандарға арналған күнтізбе сағатына патент алған.
XS
SM
MD
LG