Accessibility links

«Ақтөбе» футболшылары ТМД кубогының финалында жеңілді


Қазақстандық «Ақтөбе» жексенбі күні ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогының финалында ресейлік «Рубин» командасынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың 60-минутында төреші «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Ұлықбек Асанбаевқа дөрекілігі үшін «қызыл қағаз» көрсетіп, ойыннан шығарды.

«Ақтөбе» өткен жылы да ТМД кубогының финалы шықты. Қазақстан чемпионы былтыр пенальтиде 4:5 есебімен молдавиялық «Шериф» командасына есе жіберген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG