Accessibility links

Жерорта теңізінде эфиопиялық жолаушы ұшағы апатқа ұшырады


Эфиопияның жолаушы ұшағы қолайсыз ауа-райының салдарынан Жерорта теңізіне құлады. Лайнердің бортында шамамен 90 кісі болған. Жолаушылардың тағдыры туралы әзірге мәлімет жоқ.

Хабарларға қарағанда, Ливан астанасы Бейруттан ұшып шыққан ұшақ бес минуттан кейін радар экранынан жоғалып кеткен. Жолаушы ұшағы Эфиопия астанасы – Аддис-Абебаға бағытында ұшқан еді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Жерорта теңізінің жаңалауындағы тұрғындар өртке оранған ұшақты көргендігін айтқан.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG