Accessibility links

Монреальде Гаитиге көмек туралы жиын өтеді


Бүгін Канадада зілзаладан зардап шеккен Гаити республикасына көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық конференция басталады. АҚШ, Франция, сондай-ақ Латын Америкасының бірқатар мемлекеттерінің сыртқы істер бойынша өкілдері Монреальде кездеседі.

Әлемдік қауымдастық Гаитиге көмек ретінде миллиард долларға жуық қаржы бөлуді жоспарлап отыр, соның 575 миллионын Еуропалық Одақтың 27 мемлекеті берді.

Гаити билігі 12 қаңтардағы зілзаладан қаза болғандар саны 150 мыңға жақындағандығын жариялады.
XS
SM
MD
LG