Accessibility links

«Алға» және Компартия «қазақ жерін қорғауға» шақырады


Бүгін Алматыда «қазақ жерін қорғауға» қатысты Қазақстан Компаритиясы мен тіркелмеген «Алга» партиялары кіретін «Народовластие» блогы мәлімдеме жасады. Блог құрамына кіретін партияның жетекшілері, партия мүшелері мен барша азаматтарды Қытайға жер берілуі мүмкіндігіне қатысты наразылық митингісіне шақырды.

«Народовластие» блогының мәлімдемесінде, «Қазақстан үшін өте маңызды болып табылатын жер мәселесін талқылауға салуға тиым салу- ішкі саяси тұрақтылық үшін өте қауіпті», делінген.

«Біз «Азат» ЖСДП-ның, митинг өткізіп бұл мәселені көпшілік талқысына салу керек деген ұсынысты қолдаймыз», - делінген мәлімдемеде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG