Accessibility links

Эфиопиялық ұшақтың апатқа ұшырау себебі келтірілді


Эфиопияның жолаушы ұшағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшырауы мүмкін деген болжам айтылды. Лайнер кеше Жерорта теңізінің Ливан жағалауларына құлаған болатын.

Ливан билігінің хабарлауынша, ұшқыш белгісіз себептермен бейруттік әуедиспетчерінің шауын-шашын фронтын айналып өту туралы қаулысын орындамаған.

Құтқарушылар Жерорта теңізінде кем дегенде 24 жолаушының өлі денесін тапты. Лайнер бортындағы 90 адамның ешқайсысы аман қалмаған болуы керек. Ұшақ Бейруттен Эфиопия астанасы – Аддис-Абебаға бағыт алған еді.

Құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG