Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан 5 адам қаза тапты


Бағдадтың орталығында орын алған жарылыстан кемінде 5 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды. Бомба шабуылы Каррадах ауданындағы ішкі істер министрлігінің кеңселеріне бағытталды. Ресмилердің айтуынша, полиция қызметкерлері алдында жанкешті кісі жарылғыш заттарын жарып жіберген.

Осыдан бір күн бұрын Ирақ астанасында үш жарылыс болып, кемінде 37 адам қаза тапқан-ды. Бұл елде наурыздың 7-не парламенттік сайлаулар белгіленген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG