Accessibility links

Әблязов Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбаевты айыптады


Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты қылмыстық топты басқарады деп айыптады. Бұл туралы Әблязов Қазақстанның Бас прокуратурасына жолдаған арызында мәлімдеген. Қаңтардың 26-ы күні жолдаған арызында Әблязов Құлыбаевты әшкерелейтін деректерді келтірген.

Тимур Құлыбаев "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасының орынбасары боп табылады және "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "Самұрық Энерго" компанияларының директорлар кеңесін басқарады.

Мұхтар Әблязов БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы қызметінінен алынған соң оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды.
XS
SM
MD
LG