Accessibility links

Франция парламенттік комитеті ниқабқа жартылай тыйым салуды ұсынды


Францияның парламенттік комитеті мұсылман әйелдерінің бет перделеріне жартылай тыйым салуды ұсынды. Сейсенбі күні жариялаған баяндамасында комитет мұсылман қыз-келіншектерінің барлық мемлекеттік мекемелерде, олардың ішінде мектептер мен ауруханаларда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде ниқаб киюіне тыйым салынуы тиіс деген. Комитеттің баяндамасында әйелдердің ниқаб киюі республиканың құндылықтарына қайшы келеді және оны қабылдауға болмайды делінген.

Сонымен қатар парламенттік комитет радикалды діни тәжірибе белгілерін көрсететін кез келген адамға азаматтық берілмеуі тиіс дейді.
XS
SM
MD
LG