Accessibility links

Ресей-НАТО байланыстары қалпына келді


Ресей мен НАТО сейсенбі күні ресми түрде арадағы байланыстарын қалпына келтірді. Ресей-НАТО қарым-қатынастары 2008 жылғы Грузиядағы соғыстан кейін шиеленісе түскен болатын.

НАТО баспасөз хатшысының хабарлауынша, Ресей қарулы күштері штабының басшысы Николай Макаров пен альянсқа мүше елдердің қорғаныс министрлері лаңкестік пен қарақшылыққа қарсы күреске байланысты техникалық ынтымақтастықты жақсарту мәселесін талқылайды. Екі жақ сондай-ақ Ауғанстан мәселесін талқыға салмақ деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG