Accessibility links

Топ менеджерлер жалақысы Парламентте тағы сөз болды


Парламент мәжілісінң депутаты Виктор Киянский қаржы секторындағы топ менеджерлердің еңбекақысының жоғары деңгейде сақталып тұрғандығына түсініспеушілік білдірді.

2009 жылғы қараша айындағы статистикалық деректерге сүйенген депутат, қаржы секторындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 132 603 теңге екендігіне назар аударуды сұрады. Бұл ең ауыр салалардың бірі болып саналатын тау-кен өндірісіндегі орташа көрсеткіштен (121 403 тенге) де жоғары.

Депутат, 2008-2009 жылдары үкімет «осы саладағы менеджерлер айлығын қайта қарастырамыз» деген уәдесін еске сала отырып, премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиісті сауал жолдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG