Accessibility links

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына Интерпол бойынша іздеу жарияланды


ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов сәрсенбі күні өткен брифингте мәлімдеді.

"Қазақстанның қаржы полициясы Интерполдың Қазақстандағы ұлттық орталық бюросына ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға халықаралық іздеу жарияланғанын және оны ұстау және Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы хабарлады", - деді Қ. Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаева қатысты қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG