Accessibility links

БҰҰ: 2009 жылы жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жетті


БҰҰ-ның халықарлық еңбек ұйымының ғаламдық жұмыспен қамтуға қатысты бүгін жарық көрген есебіне қарағанда, 2009 жылғы жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетіп, 212 млн-дай адам жұмыссыз қалған.

2007 жылдан бері жалпы 34 млн адам жұмыстарынан айрылған. Өткен жылы жұмыссыздық проблемасы Солтүстік Америка, Жапония, Батыс Еуропа аймағына 1930 жылдардағы рецессиядан кейінгі соққы болды. Одан кейін Шығыс Еуропа, Латын-Америка өңірінде де жұмыссыздық проблемасы күшейсе, Азия, Африка және Таяу Шығыстағы жағдай көбірек тұрақты болған.

Ұйымның баяндамасы Давос форумының ашылу күнінде жарияланып, дүниежүзінде жұмыссызпен қамтуды қолдайтын ғаламдық жұмыстар пактісі қажет деп отыр.
XS
SM
MD
LG