Accessibility links

Меркель: Ауғанстаннан әскер шығару мерзімін белгілеу дұрыс емес


Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы германиялық күштерді әкетудің нақты мерзімін белгілеу қате болады, өйткені ол талибандарды жігерлендіреді деді. Меркель бұл пікірін сәрсенбі күні Берлинде Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесуден кейін өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Сейсенбіде Меркель Германия Ауғанстандағы 4,300 әскеріне қосымша тағы 500 сарбаз жіберетінін мәлімдеген. Германиялық жасақтар басты назарын ауғандық күштерді жаттығудан өткізуге бөлмекші.

Германия жетекшісі сондай-ақ Ауғанстанды дамытуға беретін көмегін екі еселеп, алдағы үш жылда 430 млн еуро бөлінетінін хабарлады.
Бүгін ол тағы да Германия Ауған елінен ашық үкіметті көргісі келеді дей келе, коррупциямен күрестің маңыздылығын атап өтті.

Карзай Лондонда бейсенбі күні басталатын Ауғанстан бойынша конференцияға барар алдында Германияға соққан.
XS
SM
MD
LG