Accessibility links

Қазақстан мен НАТО Ауғанстанға жүк тасымалдау жолын келісті


Қазақстан НАТО күштеріне өзінің аумағы арқылы Ауғанстандағы халықаралық жасаққа жүк жеткізуге ресми түрде келісімін берді.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, Еуропадан Ауғанстанға жүк тасуда Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арқылы баламалы жол ашылды.

Пәкістан арқылы Ауғанстанға зат таситын жол бірнеше рет содырлар шабуылына тап болған. Осыдан дейін НАТО-ның тұрақты мүшесі болмаса да Қазақстан жері мен әуесі арқылы жүк тасымалданып келген.

Енді жаңа келісім сәрсенбі күні НАТО-ның жетекші ресмилерінің Брюссельде Қазақстан өкілімен кездесуінде жасалды.
XS
SM
MD
LG