Accessibility links

Ресейде 2009 жылы нәсілшілдік қақтығыс азайған


Ресейдің адам құқын қорғаушы Сова тобының мәлімдеуінше, 2009 жылы Ресейде нәсілшілдік жеккөру тұрғысындағы шабуылдар бұрынғыға қарағанда азырақ тіркелген.

Жеккөрушілікке қатысты қылмысты бақылайтын Сова ұйымының айтуынша, 2008 жылы 110 адам нәсілшілдік қақтығыстан қаза тапса, 2009 жылы 71 адам құрбан болған. Сонымен қатар өткен жылы 333 адам шабуылдан жарақат алып, алдыңғы 2008 жылмен салыстырғанда мұндай шабуылдар айтарлықтай азайған.

Сова тобының өкілі шабуылдардың азайюына полициясының жақсырақ жұмыс істеуі көмектесті деді. Алайда ол ксенофобиялық қақтығыстар Ресейдің көп аймағында әлі де көп екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG