Accessibility links

АҚШ президенті жылдық жолдауын арнайды


АҚШ президенті Барак Обама бүгін Конгресстің қос палатасында елдің жағдайына қатысты жыл сайынғы жолдауын жариялайды.

Обама баяндамасының негізгі бөлігі экономикалық проблемаларға арналады деп жоспарланған. Ақ үй жариялаған баяндама үзіндісінде АҚШ президенті экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қабылдауда партиялар арасындағы келіспеушіліктерді еңсеруге шақырады.

Сонымен бірге, Обама өзінің денсаулық сақтау саласының реформасы мен лоббистердің іс-әрекеттерін шектеу туралы ұсыныстар жасайды. Сондай-ақ ол орта тапты қолдау және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі іс-шараларын ұсынады.
XS
SM
MD
LG