Accessibility links

Бас прокуратура жер дауына қатысты ескерту жасады


«Соңғы уақыттары бірқатар қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары ҚХР-на экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылық өнімі үшін жер бөлу тақырыбын бұрмалап көрсетуге талпынып жатыр» делінген бас прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Прокуратура қазіргі таңда мұндай әрекеттер ұлтаралық қарым-қатаныстарға әсер етті, ұлтаралық жанжал туғызуға әрекеттенушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлады. Сонымен бірге мәлімдемеде ұлтаралық кикілжің туғызушыларға қолданылатын заң баптары тізіп көрсетілген.

Прокуратура мәлімдемесі оппозиция белсенділерінің жердің шетелге сатылуына және жалға берілуіне қарсы наразылық митингісі қарсаңында таратылып отыр. Қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсаты бар наразылық акциясы сенбі күні Алматыда өтеді деп жоспарланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG