Accessibility links

Apple компаниясы жаңа өнімін таныстырды


Apple компаниясының басшысы Стив Джобс сәрсенбі күні Сан-Францискода жаңа мультимедиалық құрылғыны жұрт назарына ұсынды.

Компания өкілдерінің айтуынша, планшетті iPad ноутбугі ұялы телефон мен тасымалданатын компьютердің қызметтерін қоса атқарады. Аппарат дизайны белгілі iPhone коммуникациялық телефонына ұқсайды, ал көлемі жағынан ноутбукке келеді.

Джобстың айтуынша, iPad АҚШ-та шамамен 1000 долларға сатылады. Жаңа құрылғы арқылы Интернетке қосылуға, фильм көруге және электрондық кітаптар оқуға болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG