Accessibility links

Лавров Иранға ескерту жасады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Иран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды шешуге әрекет жасауда халықаралық қауымдастықты мәңгібақи күткізіп қоя алмайды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен Лондонда өткізген келіссөздерінен кейін Лавров әлемнің алпауыт елдерінің ұсыныстарына Иранның конструктивті түрде жауап бере алмауына байланысты Мәскеудің көңілі қалып отыр деп атап көрсетті.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді, ал Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG