Accessibility links

Сербия Африка елдерін Косовоның тәуелсіздігін мойындамауға шақырды


Сербия сыртқы істер министрі Вук Еремич Африка елдерін Косовоның тәуелсіздігін мойындамауға шақырды. Эфиопия астанасындағы Африка одағының жылдық саммитінде сөйлеген сөзінде Еремич Косово тәуелсіздігінің мойындалуы көпұлтты мемлекеттерде, оның ішінде Африкада тұрақсыздыққа әкелетін жағдайға түрткі болуы мүмкін деп атап көрсетті.

2008 жылдың ақпан айында Сербиядан біржақты түрде бөлініп шыққан Косовоның тәуелсіздігін 60-қа жуық мемлекет мойындады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG