Accessibility links

Аббас Шешенстан президентін Палестина жеріне шақыруда


Палестина президенті Махмуд Аббас Шешенстан президенті Рамзан Қадыровты Палестина жеріне сапар жасауға шақырды. Бұл ұсынысты ол Мәскеуде Шешенстан премьер-министрі Одес Байсултановпен кездесуінен кейін жасады.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, екі жақ Шешенстанды қайта құруға Палестинаның үлес қосу мүмкіндігін талқылаған. Аббас Шешенстанға 2008 жылы барған болатын.
XS
SM
MD
LG