Accessibility links

Қазақстанның допты хоккейшілері жартылай финалға шықты


Қазақстанның допты хоккейшілері Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға өтті. Топтық бәсекелердегі соңғы кездесуде қазақстандық бендишілер АҚШ құрамасын 7:4 есебімен жеңіп, жоғарғы топта төртінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы ертең жартылай финалда Ресей командасымен кездеседі. Финалға берілетін екінші жолдамаға Швеция және Финляндия таласады.
XS
SM
MD
LG