Accessibility links

Балқаштағы әскери нысанда қаза болған кісінің мәйіті шығарылды


Қарағанды облысының Балқаш қаласына жақын маңдағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағындағы ғимараттың қирандысы астынан тағы бір кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

22 қаңтар күні қорғаусыз әскери нысанның құрылыс материалдарын алып жатқан бірнеше адамды бетон плиталары басып қалды. Хабарларға қарағанда, төтенше оқиғадан төрт кісі қаза болды, бетонның астында қалған бір адам құтқарылды.
XS
SM
MD
LG