Accessibility links

Талибан бейбітшілік кеңесі туралы шешім шығармақ


Келіссөздерге Талибанды араластыру әрекеттерінде алғабасушылық бар көрінеді. Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың үкіметі Талибанды бейбітшілік кеңесіне шақыруда және БҰҰ жоғары лауазымды өкілі мен Талибан басшылары арасында құпия кездесу болды деп хабарланып отыр.

Ауған үкіметінің баспасөз хатшысы Хамид Елмидің мәлімдеуінше, Талибан өкілдері тайпа қарияларының бүкіл ел бойынша өтетін дәстүрлі жиынына қатысуға шақырылған. Талибан баспасөз хатшысының айтуынша, Карзайдың бұл шақыртуы қозғалыс ішінде қарастырылуда.

Сонымен қатар БҰҰ-ның өкілі Кей Эйд қаңтардың 8-де Дубайда Талибан басшылығы кеңесінің мүшелерімен кездесті деп хабарланып отыр. Талибан басшылығының өтінішімен өткен Дубайдағы кездесуде бейбітшілік келіссөздеріне Талибанның қатысуы үшін оларға қандай қауіпсіздік кепілдігі берілуі керектігі талқыланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG