Accessibility links

Еврейлер тобы Киевтің ұлтшылды марапаттау туралы шешімін сынады


Адам құқықтары бойынша еврейлер тобы Украинаның Екінші дүниежүзілік соғысындағы ұлтшыл тұлғасы Степан Бандераны марапаттау туралы шешімін сынады. Simon Wiesenthal орталығының мәліметінше, Бандера мен оның қолдаушыларының соғыс барысындағы мыңдаған еврейдің өліміне қатысы бар.

Сейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігі Бандераға "Украина қаһарманы" атағын беру жеркенішті әрекет деп мәлімдеді.

Степан Бандера соғыс кезінде Германия мен Совет әскерилеріне қарсы Украинаның ұлтшыл күштерін басқарған. Бірақ кейбір тарихшылардың айтуынша, Бандера Совет үкіметімен күресте нацисттердің жағында болған.

Президент Виктор Ющенко қаңтардың 22-де Украинаның бірігу күніндегі салтанатты шараларда Бандераға "Украина қаһарманы" атағын берді.
XS
SM
MD
LG