Accessibility links

Иранда шеруге қатысқан 16 адамның соты өтуде


Бүгін Иранда желтоқсан айындағы наразылық шеруі кезінде ұсталған тағы 16 адамның соты жүріп жатыр.

Маусым айындағы президенттік сайлау қорытындысына қарсы шерулер өткізіп келе жатқан оппозиция жақтастары жаппай тәртіпсіздіктер жасады деп айыпталуда.

Ирандағы сот тыңдауларына бір күн қалғанда адам құқықтарын қорғаушы Amnesty International ұйымы, АҚШ және Ұлыбритания Иран билігін үкіметке қарсы шерулерге қатысты екі оппозиция өкілінін дарға асып өлтіргенін сынаған болатын.

Өткен жылдың тамыз айынан бері Ирандағы президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразылық танытып, көшеге шыққан 100-ден аса адамның соты өтті. Онда 11 оппозиция өкіліне өлім жазасы үкімі шығарылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG