Accessibility links

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов WBA бойынша әлем чемпионы атанды


АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұма күні өткен кәсіби бокс жарысында қазақстандық Бейбіт Шүменов қарсыласы испандық Габриэль Кампильодан әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

WBA-ның жартылай ауыр салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 12 раундқа созылып, ақырында бас жүлде Шүменовке бұйырған.

Айта кететін бір жайт, бұл жекпе-жектен бұрын екі боксшы өткен жылдың тамыз айында Астанада кездесіп, әділқазылар алқасының шешімімен бас бәйгені Кампильо алып кеткен.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG