Accessibility links

Алматыда жерді шетелге жалға беруге қарсы митинг өтті


Қазақстан оппозициясы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шетелдік инвесторларға жерді жалға беруге қарсы митинг өткізді. Алматыдағы Сарыарқа кинотеатры жанындағы саябақта өткен бұл жиынға екі мыңдай адам жиналған.

Биліктің рұқсатымен өткен бұл шарада сөз алған Азат- Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов «бұл жерге мыңдаған жыл біздің ата-бабамыз қанын төккен. Бүгінгі таңда билік Қытайдан 13 млн доллар несие алып, ол үшін жермен есептеспекші. Бізге бұған жол беруге болмайды» деді.

Сонымен қатар тіркеуден өтпеген Алға партиясының жетекшісі Владимир Козлов, «Талмас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Құрмановтар да жерді қорғап халық алдында сөз сөйледі. Дәл мұндай жағдайға үкімет басшысы кінәлі деген оппозиция өкілдері, Кәрім Мәсімовтың биліктен кетуін талап етті.

Бір сағатқа созылған оппозиция жетекшілерінің наразылық акциясы бейбіт өтті. Құқық қорғау органдарының 500-дей қызметкері жағдайды жіті бақылауында ұстаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG