Accessibility links

Стросс-Кан: қарыз әлемдегі үлкен экономикалық мәселе болады


Халықаралық Валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан қарыз жағдайы әлемнің ең үлкен экономикалық проблемасы болады деді.

Бүгін Давостағы экономикалық форумда сөз алған Стросс-Кан “біз бұл мәселемен әрбір елге байланысты бес, алты-жеті жыл айналысуымыз мүмкін” деді. Оның бұл мәлімдемесі Грекияның қарызына байланысты алаңдушылықтар Давос форумында көтерілген соң айтылды.

Құрама Штаттар мен басқа да дамыған бірқатар елдер ғаламдық дағдарыс кезінде өз экономикаларын ынталандыру саясатын жүргізген соң бюджет тапшылығын сезініп отыр.
XS
SM
MD
LG